Қарағандыдағы турнирде 18 жастағы спортшы ауыр жарақат алып, комаға түсті

165

Спортшы жекпе-жек кезінде бастан ауыр соққы алған.  

Қарағандыдағы турнирде 18 жастағы спортшы ауыр жарақат алып, комаға түсті Фото: Видеодан скриншот/1bol.kz

Қарағандыда өткен жекпе-жек турнирінде 18 жастағы спортшы Арслан Атымтаев ауыр жарақат алып, комаға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жекпе-жек барысында басынан ауыр соққы алған, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Туыстарының айтуынша, қарсыласы тыйым салынған әдіс қолданғанымен, жекпе-жек уақытында тоқтатылмаған.

"Оқиға орнында жедел жәрдем көлігі болған жоқ, тіпті оны шақыруға да әрекет жасалмады. Зардап шеккен спортшыға шұғыл медициналық көмек көрсетілмеді. Оны омыртқасын бекітпей алып шыққан, кейін медициналық тасымалдау талаптары сақталмастан жеңіл көлікке отырғызып әкеткен", – дейді спортшының туыстары.

Жақындарының пікірінше, болған жағдайға жарысты ұйымдастырушылар мен жаттықтырушы да жауап беруі тиіс.

Ал Қарағанды облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114-бабы (“Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу