Қарағандыдағы үлкен дала сағаты жөнделді

761

Қазір сағаттың жаңа бөлшектерін сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда. 

Қарағандыдағы үлкен дала сағаты жөнделді

Қарағандыда Гоголь көшесінде орналасқан үлкен сағат жөнделді. Бұған дейін сағаттың барлық төрт циферблаты іркіліспен жұмыс істеген еді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

"Ресми түрде бұл нысан бізге бекітілмеген болса да, осыған дейін де біз оған тұрғындардың өтініші бойынша жөндеу жүргізген болатынбыз. Бұл жолы да олардың өтініштерін жерге тастай алмадық. Тіпті төрт циферблатты ауыстыру үшін ою-өрнектердің эскиздерін дайындадық. Бірақ, бақытымызға қарай, олар қажет болмады. Біздің мамандар механизмді жөндеуден өткізіп, оларды іске қосты", – дейді Қарағанды әкімдігінің "Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлары басқармасы" КМК дизайнері Марина Зворыгина. 

Қазір сағаттың жаңа бөлшектерін сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда. Оның ақаусыз жұмыс істеп тұруын саябақтар басқармасының қызметкерлері бақылайтын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу