Қарағандыдағы жерасты өткелдерінің бірінде мурал пайда болды

429

Қарағандыда Кеншілер МҮ жерасты өткелінде "Жеті қазына" муралы салынды.  

Қарағандыдағы жерасты өткелдерінің бірінде мурал пайда болды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қалалық Урбанистика орталығының идеясын AirG суретшілер тобы жүзеге асырды.

– Біз жерасты өткелі жаяу жүргіншілер жолды қауіпсіз өтуге арналған орын ғана емес, сонымен қатар оның тартымдылық нүктесі, көрмелер, концерттер, дәрістер және басқа да іс-шаралар өтетін орын, талантты суретшілер мен музыканттар өз туындыларын ұсынатын және аудитория таба алатын орын болғанын қалаймыз.

Біз муралды "Жеті қазына" деп атадық, бұл Қарағанды облысының жеті қазынасы – оның жеті қаласы және олардың көрікті жерлерін білдіреді. Жастар біздің бай тарихымызды, өнеркәсіптік және мәдени мұрамызды, ғылыми жетістіктерімізді және табиғи байлығымызды бағалағанын қалаймын. Қала бойынша барлығы 14 мурал бар, – деді Урбанистика орталығының жетекшісі Валерия Хасуева.

Муралдың авторы – Диана Қайырбекова, ол сәулет факультетінің студенті, кезінде урбанистика орталығына тәжірибеге келіп, жерасты өткеліне арналған суреттің эскизін жасау тапсырмасын алған. Бойжеткен алқа қойған міндетін сәтті орындаған.

Муралдың ұзындығы 30 метрден асады, биіктігі шамамен 2 метр. Бүйірлерінде AirG командасы мен урбанистика орталығының Instagram парақшаларының QR кодтары орналасқан.

– Біз бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейміз. Ал туған қаламыз Қарағандыда жобаларымыз көп. Жерасты өткелінде алғаш рет сурет салынды. Муралды салу үшін бір апта бойы бес суретші жұмыс істеді. Урбанистика орталығы бізге эскиздер берді, біз оларды түрлі түстермен боядық. Акрил негізіндегі арнайы бояумен боялған. Суретті жууға болады. Ең бастысы, муралға ұқыпты қарау керек, өйткені біз мұның бәрін адамдар үшін жасаймыз, – деп атап өтті AirG командасының негізін қалаушы Николай Селютин.

Муралдың ашылуын заманауи өнер кураторы Лариса Карчевская ұйымдастырды. Оның айтуынша, соңғы уақытта Қарағанды мен облыста көше өнері тақырыбы талқыланып жатыр.

– Біз "Заманауи урбанистік өнер. Оның қалаға қажеті қанша?" паблик арт өткізуді ұйғардық. Онда мамандар, спикерлер мен көрермендер шақырылды, олар да өз ойларын айта алды. Яғни, пікірталас онлайн форматтан офлайн форматқа ауыстырылды, – дейді Лариса Карчевская.

– Әдемі болып шықты. Сондай-ақ, бұл жастардың қандай да бір жолмен дамуына көмектеседі, мүмкін біреу қызығушылық танытып, сурет сала бастайды, – дейді қарағандылық Мария Овчарова. – Біздің қаламыздың өзгергені жақсы, жаңа муралдар пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу