Ақмола облысының Аршалы ауданында жол-көлік оқиғасы болып, 1 жолаушы зардап шекті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" .
Полицейлердің мәліметі бойынша жол-көлік оқиғасы 25 қазанда, таңғы сағат 07.20 шамасында "Астана-Қарағанды" тас жолының 134-шақырымында орын алған.
"Қарағанды облысынан Астанаға бет алған "Хюндай" автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіндегі орға аударылған. Жолаушылардың барлығы аман, тек 1993 жылғы астаналық түрлі дене жарақатымен Аршалы аудандық ауруханасына жеткізілді", деп көрсетілген хабарламада.
Қазіргі кезде аталған жол апатына байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу