Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев желідегі парақшасында Екібастұзда жылумен қамтуды қалпына келтіру үшін 70 маман жолға шыққанын жазды.
"Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс және коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінен бригада құрылды. Күндіз қажетті құралдармен және техникамен толық жабдықталған мамандарымыз Екібастұзға аттанды. Қазіргі уақытта олар қажетті жұмыстарға кірісті. "Энергоцентр" ЖШС,"Қарағанды Су" ЖШС, қаланың құрылыс компаниялары мен барлық қарағандылықтарға шын жүректен алғыс айтамын", - деп жазды ол.