Қарағандыдан Ресейдің Новокузнецк қаласына автобус бағыты ашылды

701

Билет құны – 16 400 теңге.

Қарағандыдан Ресейдің Новокузнецк қаласына автобус бағыты ашылды

Қарағандыдан ресейлік Новокузнецк қаласына (Кемеров облысы) енді тікелей автобус бағытымен жетуге болады. Билеттер сатылымға шықты. Алғашқы рейс 31 шілдеде орындалады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Автобус Қарағанды қаласының вокзалынан Новокузнецкке аптасына төрт рет: сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды.

Алдын ала есептеулер бойынша, жол жүру уақыты бір тәуліктен асады –шамамен 25 сағат (қашықтық - 1498 шақырым).
Билеттерді алдын ала, сапарға аттанардан 30 күн бұрын автовокзал кассаларынан және терминалдардан немесе интернет арқылы сатып алуға болады. Онлайн брондау және сату тәулік бойы банк карталарымен интернетте, интернет банкинг, qiwi, касса24 терминалдары арқылы жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу