Қарағандыдан Томск пен Новокузнецк қалаларына жүретін жаңа автобус бағыттары іске қосылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Аптасына бір рет қарағандылық автовокзалдан енді "Қарағанды-Новокузнецк" және "Қарағанды-Томск" бағыттарына халықаралық автобустар жүретін болады. Екі маршрутта да Новосібірге аялдау қарастырылған.
Автобустар әр жексенбі 18.30-да жүреді. Томскке дейін билет 14 050 теңгені құрайды, жол жүру уақыты 25 сағат. Новокузнецкке дейін 16 450 теңгеге 27 сағатта жетуге болады.
Билеттер 30 күн бұрын сатыла бастайды. Оларды автовокзалдың кассасынан сатып алуға болады.
Бұған қоса, кестеге "Қарағанды-Шымкент" қосымша автобустары қосылды – аттану уақыты 19.00 және "Қарағанды-Шамкент" бағыты – аттану уақыты 17.30.