Қарағандыға қайырымдылық керуені жол тартты

781

Қарағандыға қайырымдылық керуені жол тартты

Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету мақсатында "Қайырымдылық керуені" атты акция ұйымдастарылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек жіберу мақсатында "Қайырымдылық керуені" акциясын әр облыста ұйымдастыруды міндеттеген болатын. Осы бастама аясында Жамбыл облысының барлық мешіті бірігіп, Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданына үлкен жүк көлігіне тиелген 20 тоннаға жуық азық-түлік жөнелтті. Көбіне күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлікті облысқа қарасты аудан, қала және ауыл мешіттерінің қызметкерлері өз мүмкіндігіне қарай жинаған. Сондай-ақ, жамбылдық қолы ашық жандар да бұл айтулы шараға өз үлестерін қосқан.

Азық-түлік тиелген жүк көлігі жүрместен бұрын орталық мешіттің ақсақалы Әбдіғаппар Алтай қария бата беріп, зардап шеккен жандарға Алла сабыр беруін тіледі. Ал облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев айтып келмейтін табиғат апатынан зардап шегіп, қиындыққа кез болған ағайындарымызды қолдап, көп болып көтеріп, демеу көрсету мұсылмандық міндетіміз екенін көпшіліктің есіне салды.

Сонымен қатар, бас имам қайырымды жандар мен мешіт имамдары арқасында жиылатын азық-түлік межесінен асыра орындалғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу