Қарағандылық әйел аязда сәбиін көшеге тастап кеткен

2721

Полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандылық әйел аязда сәбиін көшеге тастап кеткен Фото: polisia.kz

Белгілі болғандай, полицияға ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабар берген.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның анасын іздестіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу