Қарағандылық әйел күйеуін ұрғаны үшін жауапкершілікке тартылды

258

15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлейді.

Қарағандылық әйел күйеуін ұрғаны үшін жауапкершілікке тартылды Фото: freepik

Қарағандыда әйел күйеуін ұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында тиісті әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қарағанды облыстық сотына сілтеме жасап.

"Биылғы 21 сәуірде У. сағат 00:10 шамасында Қарағанды қаласында 23-ықшам ауданында орналасқан 13 үйдің екінші кіреберісінің жанында жанжал болып, кәмелетке толмаған балаларын мопедтен түсірмек болған күйеуінің басын таспен ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды. ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін У.-ға қатысты іс қозғалып, сотқа жолданды. Сотта іс бойынша келтірілген дәлелдермен кінәсі расталды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық соты.

Сот әйелді құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Азаматшаға 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза  тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу