Қарағандылық әйел сауда үйінен киімді үстіне киіп кетіп қалған

627

 ҚР ҚК 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша тергеу басталды. 

Қарағандылық әйел сауда үйінен киімді үстіне киіп кетіп қалған

Қарағандылық әйел сауда үйінен киімді үстіне киіп, кетіп қалғаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қарашада Қарағанды қаласы Орталық полиция бөліміне сауда үйлерінің бірінде белгісіз біреу 27 мың теңгеге тауарды ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы анықтағандай, әйелдер киімін сататын бутикте ұрлық болған. Төрт жемпір және екі свитерді біреу жымқырған.

Полицейлер бейнебақылау камераларын зерделеп, сауда орнынан "семіріп" шыққан әйелге назар аударды. Полицейлер, ұрланған киімді үстіне киіп кеткен 38 жастағы күдіктіні ұстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу