Қарағандылық әйелден менингококк инфекциясы анықталды

639

Қарағандылық әйелден менингококк инфекциясы анықталды

Қарағандыда 35 жастағы әйелден менингококк инфекциясы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бір әйелден менингококк инфекциясы  табылды. Қазір ол қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды, бірақ медициналық бақылауда", - деді Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің басшысы Жақия Жашыбекова.

Алғашқыда мамандар науқасты іріңді менингитке шалдықты деп ойлаған, бірақ кейін менингококк инфекциясы екенін анықтады. Оны тез арада ауруханаға жатқызған. Қуанышқа орай, онымен байланысқа түскендерден бұл диагноз табылмады.

Ведомствода аталып өтілгендей, Қарағанды облысында бұл жағдай биыл алғаш рет тіркелген.

Еске салайық, Қарағанды облысында бірнеше емханада 1 маусымнан бастап ақылы екпе кабинеттері ашылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу