Қарағандылық әртістер халықаралық фестивальде үздік деп танылды

984

Қарағандылық әртістер халықаралық фестивальде үздік деп танылды

"Достық көпірі" деп аталған байқауға Ресей, Қазақстан, Сербия мен Эстониядан 20-ға жуық театр өкілі қатысты. Қарағанды қаласындағы Станиславский атындағы драма театрдың актерлері "Шағын камералық пьеса" қойылымында үздік атанды, деп хабарлайды 24Хабар.

Жергілікті халық бұл көріністі жаңа жылда тамашалайтын болады. Спектакль Бригит Швайгер есімді австриялық жазушының туындысы негізінде қойылды.

"Шағын ғана қойылымда тұрмыс деңгейі мүлдем бөлек екі әйелдің арасындағы алауыздықты көрсетуге тырыстық. Әлеуметтік ортасы әр қилы қос кейіпкердің түсінігі де, танымы да, мәдениеті де қарама-қайшы. Осылайша біз қоғамда кездесіп жататын қатыгездікті, әділетсіздікті айтқымыз келді", – деді қойылым режиссері Александра Большакова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу