Қарағандылық астрофотографтың жұмысы халықаралық байқаудың топ-тізіміне енді

816

Биыл халықаралық байқауға әлемнің 118 елінен және 844 қаладан 1 622 адам қатысқан.

Қарағандылық астрофотографтың жұмысы халықаралық байқаудың топ-тізіміне енді

Қарағандылық астрофотограф Евгений Бондарьдың "Темір эдельвейс" жұмысы 35AWARDS топ-парағына түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz. Биыл халықаралық байқауға әлемнің 118 елінен және 844 қаладан 1 622 адам қатысты. Қазылар алқасына үш мыңнан астам фотосурет ұсынылды.

35AWARDS фотопремиясы 2015 жылы құрылған. Содан бері кәсіби қазылар алқасы (айтпақшы, бұл 50-ден астам адам) әр түрлі номинацияларда жыл бойы түсірілген ең жақсы авторлар мен жұмыстарды анықтайды. Байқауға әуесқойлар да, бүкіл әлем бойынша кәсіби мамандар да қатысады.

Евгений Бондарь алғаш рет 2019 жылы жұмысын сынап көрді. Оң динамиканы көріп, жыл сайын қатысуға шешім қабылдаған.

Қыркүйек айында 35AWARDS айлық шағын байқауы өтті. Евгений төрт фотосурет жіберді. Олардың барлығы конкурсқа қатысқан барлық фотографтардың арасында топ 2% рейтингіне кірді. Ал "Темір эдельвейс" фотосы байқау жұмыстарының үздік 3%-на кірді. Айта кету керек, топ-парақта Қазақстанды таныстырған басқа қатысушылар болған жоқ.

Евгений Бондарь мамандандырылған астрономиялық форумдарға үнемі қатысады және жүлделі орындарға ие болады. Оның бүгінгі күнгі мақсаты – өз бағыты бойынша 35AWARDS жылдық байқауының жеңімпаздарының бірі болу.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу