Қарағандылық азамат әлеуметтік желілерде экстремизмді насихаттағаны үшін қамауға алынды

803

Қарағандылық азамат әлеуметтік желілерде экстремизмді насихаттағаны үшін қамауға алынды

Қарағанды облысының ішкі істер органы қызметкерлері жыл басынан бері діни деструктивті ағымды насихаттау және тарату бойынша бес адамды тұтқындаған, деп хабарлайды kazislam.kz.

Полиция қызметкерлері 2 ақпан күні жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында мобильді қосымша арқылы дәстүрлі емес діни сайттарды насихаттаған 39 жастағы қарағандылық азаматты ұстады. Сот сараптамасы қорытындысына сәйкес, мобильді қосымша арқылы таратылған материалдар терроризмді насихаттайтыны және көпшілікті террористік акті жасауға үндейтіні анықталды.

2017 жылдың 2 мамыр күні аталған азамат мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 12 шілде күні құқыққорғау органы Қарағанды қаласының 38 жастағы тұрғынын әлеуметтік желілерде өз парақшасы арқылы экстремизмді насихаттағаны үшін қамауға алды. 21 қыркүйек күні азамат 4 жылға сотталып, тағы 8 ай бостандығы шектелді.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 256 бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникация желілері арқылы терроризмді насихаттау және террористік актілерді жасауға шақыру мүлкі тәркіленуімен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу