Мотоциклшінің қатысуымен болған өлімге әкеп соққан апат 22 қыркүйекте болды. Бурабай ауданының полиция бөліміне "Астана-Петропавл" айналма автожолында BMW S1000RR спорттық мотоциклінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, брусқа соғылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Апат салдарынан 41 жастағы байкер оқиға орнында көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Материалдарды бастапқы жинау барысында қаза тапқан адамның Қарағанды қаласының тұрғыны екені және үйіне бара жатып қаза тапқаны анықталды.
Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу