Оны кез-келген жанар-жағармайға қоссаңыз, түгі қалмай, 100% жанып кетеді екен. Демек бензин сапасы артып, сан мыңдаған көліктің қозғалтқышынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтар жойылады, деп хабарлайды 24.kz.
"Ғалымдар бұл өнер табысын ЕХРО көрмесіне апаруды жоспарлап отыр. Инвестор табылса, өндіріске енгізуге болады", – дейді олар.
Химиктер ойлап тапқан биоотынның ерекшелігі, кез келген жанар-жағармайдың сапасын арттырады. Бұл – көлік саны күнде көбейіп жатқан қазіргі уақытта аса қажет дүние.
Ғалымдардың айтуынша, қазір жер бетінде жусанның 480-нен астам түрі бар екен. Оның көпшілігі елімізде өседі. Әсіресе Арқа жерінде жеткілікті. Демек шикізаттан таршылық көрмейміз.
Ғалымдардың есебіне жүгінсек, 1 тонна жусаннан 200 литр биоотын алуға болады екен. Ал айына 5 тоннаға дейін дайын өнім өндіруге мүмкіндік бар. Бірақ ол үшін қаржы керек. Осыған орай жоба авторлары өнертабысын алдағы ЕХРО көрмесіне апармақшы. Егер инвестор табылса, өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.