Қарағандылық кәсіпорын ауаға зиянды шығарындылар үшін айыппұл арқалады

390

Іс материалдары мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды. 

Қарағандылық кәсіпорын ауаға зиянды шығарындылар үшін айыппұл арқалады Фото: ekaraganda.kz

Қарағанды қаласындағы кәсіпорынға атмосфераны ластайтын шығарындыларды тазартуға арналған ақауы бар жабдықты пайдаланғаны үшін айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық экология департаменті қала тұрғынының өтініші негізінде "Олжас" ЖШС кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша ақаулы жабдықты пайдаланғаны және кәсіпорынның іргелес аумағында жойылмаған медициналық қалдықтарды жинақтағаны үшін жалпы сомасы 310 500 теңгеге екі айыппұл салынды.

"Барлығы екі тексеру жүргізілді. Екінші тексеру кезінде бұйрыққа сәйкес шешілуі керек бұзушылықтар жойылмаған. ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша хаттама жасалып, материалдар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды", - деп хабарлады облыстық экология департаменті.

Бұдан бөлек ведомство бұзушылықтар жойылғанға дейін кәсіпорынның пеш-инсинераторын пайдалану бөлігінде қызметін тоқтата тұру талабымен сотқа тексеру материалдарын жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу