Қарағандылық келіншек патрульдік көлікте босанды

423

23 ақпанда Қарағанды ​​қалалық ІІБ патрульдік полиция полкінің жасағы – инспекторлар Медет Төлегенов пен Берік Кеңесов Жаңа-Майқұдық секторында қоғамдық тәртіпті бақылау үшін қызметте болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.  

Қарағандылық келіншек патрульдік көлікте босанды Фото: Видеодан скриншот

Медет Төлегеновтың айтуынша, ол серіктесімен үйдің кіреберісінде тұрғанда оларға ер адам жақындап, көмек сұраған.

"Ер адам жүкті әйелін арнайы көлікпен фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізуді өтінді. Әйелдің суы кеткен, босанайын деп тұр. Біз дереу әйелді алдыңғы жолаушы орындығына, ал жолдасын артқы жағына мінгіздік. Бір кезде әйел толғағы басталғанын айтып, тоқтауды өтінді", - деді инспектор.

Полицейлер жағдайды бірден түсініп, әйелге медицина көмегін көрсеткен. Біраз уақыттан кейін қызметтік көліктің салонында жүкті әйел аман-есен қызды дүниеге әкелді. Сосын патруль қызметкерлері анасын жаңа туған нәрестемен бірге акушерлік-гинекологиялық орталықтың қабылдау бөліміне жеткізіп, дәрігерлерге тапсырған.

Медицина мекемесінің қызметкерлері полицияға жедел әрекет еткені үшін алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу