Қарағандылық кикбоксшылар мен каратэші Азия чемпионаттарында медаль жеңіп алды

488

Үш сарбаз марапаттар қоржынын төрт медальмен толықтырды. 

Қарағандылық кикбоксшылар мен каратэші Азия чемпионаттарында медаль жеңіп алды Фото: gov.kz

Қарағандылық спортшылар каратэ мен кикбоксингтен Азия чемпионаттарында ұлттық құрама сапында лайықты өнер көрсетті, деп жазады inbusiness.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кадеттер, жастар және ересектер арасында WKF каратэден құрлық біріншілігі Ташкентте өтті. Оған 22 елден 500-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан жалпы командалық екінші орынға ие болды.

Қарағанды облысынан Никита Тарнакин (жаттықтырушы – В. Л. Бокий) өнер көрсетті. Жас жігіт ересектер арасындағы командалық кумитте екінші, ал жастар арасындағы жеке кумитте үшінші болды.

Ал Бангкокта ересектер арасындағы кикбоксингтен Азия чемпионаты өтті. Қазақстан 36 медаль жеңіп алып, бірінші жалпы командалық орынға ие болды.

Бұл жетістікке алтын медаль жеңіп алған қарағандылық Руслан Степанов (жаттықтырушы – Г. А. Папу) және күміс жүлдегер атанған Балқаш қаласының спортшысы Әкім Бекболат (жаттықтырушылар – Д. Саметов пен Ж. Үсен) өз үлесін қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу