Қарағандылық құтқарушылар 58 шетелдік азаматты эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 сәуірде өткен түнде Бұқар Жырау ауданының "Қызылорда - Павлодар" а/ж 987 км ауданында Қарағанды облысы ТЖД күшімен техникалық ақаулы автобустан 58 адам (Өзбекстан Республикасының азаматтары) эвакуацияланып, Құрма ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу