28 қараша күні сағат 23:00 шамасында Қарағанды облыстық Төтенше жағдай департаментіне "Көгілдір тоғандар" ықшам ауданында "Тәжікстан-Мәскеу" бағыты бойынша жүретін жолаушылар автобусы бұзылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Көліктегі отын жүйесінің жұмысына зақым келген.
Облыстық ТЖД қызметкерлері оқиға орнына келіп көмек көрсеткен.
Жергілікті атқарушы органдар істен шыққан көлік құралын Қарағанды қаласындағы №3 автопаркке жеткізуді ұйымдастырды.
Ақпаратқа сәйкес, жолаушылар автобусында болған 47 адам вокзалға жеткізілді.