Қарағандылық құтқарушылар тасжолдардан 60-тан астам адамды құтқарды

422

63 адам эвакуацияланды.

Қарағандылық құтқарушылар тасжолдардан 60-тан астам адамды құтқарды Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері 17 сәуірге қараған түні автожолдарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

"Бұқар Жырау ауданында, Қызылорда – Павлодар автожолының 1024 шақырымында жолаушылары бар автобус жол жиегіне шығып кеткен. Көлік Қарағанды – Өскемен бағыты бойынша жүріп бара жатқан. Оқиға Қарағандыдан 50 шақырым жерде болған. Құтқарушылар ол жерге дереу жетіп, автобустан Қарағандыға 38 адамды эвакуациялады", делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Бұқар жырау ауданында, Алматы – Екатеринбург автожолының 1046 шақырымында, Теміртаудан 12 шақырым жерде Қарағанды облысы ТЖД күшімен техникалық ақау салдарынан тұрып қалған автобустан Теміртауға 25 адамды эвакуациялады. 

"Автобус Астана – Шымкент бағыты бойынша жүріп бара жатқан. Эвакуацияланған жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеді", делінген ақпаратта.

Өңірдің ТЖД Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланғанын еске салады.

Ауа райының нашарлауына байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы автожолдардың бес учаскесінде шектелген:

- Екатеринбург – Алматы, 1353–1426-шы км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласының төлем қабылдау пункті;

- Қарағанды – Аягөз – Бұғаз, 17–217 км, Қарағанды қаласы – Қарқаралы қаласы;

- Астана – Қабанбай-батыр – Нұра – Теміртау, 51–266 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы;

- Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара, 231–324-ші км, Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті;

- Қызылорда – Павлодар, 967–1135 км, Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу