Қарағандылық оқушылар жүрек ауруы бар адамдарды емдеуге арналған құрылғы әзірледі

560

Жұмысты сәтті қорғағаны үшін Алдиярға Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранты берілді. 

Қарағандылық оқушылар жүрек ауруы бар адамдарды емдеуге арналған құрылғы әзірледі Фото: gov.kz

Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің тоғызыншы сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков жүрек ауруымен ауыратын адамдар үшін арнайы құрылғы әзірледі. "Импланталатын кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі" жобасы Астанада өткен байқауда I орын алды.

Біздің құрылғы тері астына имплантацияланады, ал электродтар қан тамырлары арқылы жүрекке орнатылады. Құрылғы аурудың түрін бірден анықтайды және арнайы электрлік импульстарды жібереді. Бұл импульстар жүрек бұлшықеттеріне әсер етеді, олардың жұмысын тежейді немесе тездетеді, – деді Алдияр.

Кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі тахикардияны, брадикардияны және қарыншалар фибрилляциясын емдеуге көмектеседі.

Алдияр жобаны Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Наурыз кездесулерінде таныстырды. Биылғы жылы биомедицина, инженерия және технологиялар байқауына алты секцияда 100-ге жуық жоба қатысты. Қарағандылық оқушылардың жұмысы "Ақылды" протездер мен олардың элементтерін жасау" санатында үздік деп танылды. Экзо және эндопротездеу.

Қарағанды NIS-тің тағы бір оқушысы – Ұлан Мұстафин "Адам ағзасының функционалдық жай-күйін мониторингілеуге арналған аппараттық-бағдарламалық құралдар" секциясында 3-орынды иеленді.

Наурыз кездесулерінде Қарағанды NIS оқушылары барлығы бес жобаны ұсынды.

  • Олардың арасында "Аяқ-қолдары әртүрлі адамдарға арналған роботталған табан",
  • "Сіңдіру әдісімен біріктірілген дәрілік гидрогель",
  • "Бүкірлікпен күресуге арналған Postrue құрылғысы және мобильді қосымшасы" бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу