Қарағандылық өнерпаз Қырғызстанда ән фестивалінің гран-приін жеңіп алды

210

Биыл "Әнші Ыстықкөл" фестивалі екінші рет өтті.

Қарағандылық өнерпаз Қырғызстанда ән фестивалінің гран-приін жеңіп алды Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағандылық Қуаныш Мақсұтов "Әнші Ыстықкөл – 2024" халықаралық авторлық ән фестивалінің Гран-при иегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұнда АҚШ, Мальта, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстаннан келген қырық сегіз орындаушы бақ сынасты.

– Биыл "Ұлттық ән авторлары" жаңа номинациясы енгізілді. Мен "Қотыр тайды" орындадым. Қазылар алқасы өте мықты болды. Оның құрамына Болат Окуджава, Александр Городницкий, Анэс Зарифьян және Владимир Глазунов кірді. Қазылар алқасы барлық қатысушыларды алдын-ала тыңдап, ең мықтыларын таңдады. Сондай-ақ фестивальде жеке концерт беруге мүмкіндік туды, – деді Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, ақын Қуаныш Мақсұтов.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының тағы бір өкілі – Сұлупан Сұлтанова фестивальдің дипломанты атанды. Ол "Ұлттық ән авторлары" номинациясы бойынша диплом алып, "Іңкәр көңіл" әнін орындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу