Қаланың палуандары гір тасын, қой көтеруден сынға түсіп, арқан тартысты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Индустриалды Қарағандыға" сілтеме жасап.
Қой көтеруден Шыңғысхан Батырхан жеңімпаз атанды, ол жануарды 110 рет көтере алды. Ол гір көтеруден де бірінші болып, бір табақ жылқы еті мен қазы ұтып алды.
Мұндай сынақтан кейін жас жігіттің аяғында тік тұрып, жүруге күші болмады. Оның тізелері дірілдеп, сөйлеуге мұршасы келмеді.
Жарыстың тағы бір қатысушысы Ақадырдан келген Ниетхан Төлеухан бір минут ішінде 54 рет 16 килограммдық гір тасын көтерді.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға ет, құрт пен тәттілер түрінде сыйлықтар табысталды.