Қарағандылық студенттер қазақша мәтіндерді латыншаға ауыстыратын электрондық бағдарлама әзірледі

988

Қарағандылық студенттер қазақша мәтіндерді латыншаға ауыстыратын электрондық бағдарлама әзірледі

Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті Мағжан Өмен мәтінді латын графикасына ауыстыру бойынша бағдарламалық жасақтама құрды, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz.

"Біздің университет "Рухани жаңғыру" бағдарламасында алға қойылған міндеттерді атқаруға ат салысуда. Менің бағдарламамның көмегімен санаулы ғана минуттарда А4 форматта орналасқан 500 бетке дейінгі үлкен көлемді мәтіндерді көшіруге болады. Бұл ретте мәтінде барсуреттер мен графикалар еш кедергі етпейді", – деді Мағжан Өмен.
Автордық айтуынша, бағдарламаны құру үшін ол бір жарым ай жұмыс істеген екен. 
"Қыркүйекте біздің факультеттің деканы студенттер арасында мақсат қойған болатын. Нәтижесінде менің нұсқамды таңдап алды. Мен "Болашақ менің арманым" атты стартапқа қатыстым. Жартылай финалға шықтым, енді латиницаға аударатын мобильді қосымшаны жасауды көздеп отырмын", – дейді Мағжан Өмен.
Студенттің өнертабысын ЖОО-да оқу материалдары мен әдістемелік құралдарды аудару үшін пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу