Қарағандылық турфирманың директорына тағайындалған жаза өзгеріссіз қалды

1009

Қарағандылық турфирманың директорына тағайындалған жаза өзгеріссіз қалды

Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы алаяқтағы үшін 4,5 жылға сотталған "Фараон" турфирмасының директоры Жанар Әбеуіптің үкімін күшінде қалдырды, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

"Судья Рашид Нұрмағамбетовтің төрағалығымен апелляциялық алқа сотталушы Жанар Әбеуіп пен оның адвокатының шағымын қарады. Алқа мүшелері Қазыбек би аудандық сотының 2016 жылғы 30 қарашадағы үкімі заңды және негізді, өзгертуге жатпайды деген тұжырымға келді. Қаулыға сәйкес апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды", деді соттың баспасөз қызметінде. Апелляциялық қаулы заңды күшіне енді.

Оның адвокаты қорғалушының әрекетін қайта қарауды өтінді. Ол Әбеуіп алаяқтық жасаған жоқ, істі азаматтық-құқықтық алаңда қарау қажеттігін талап етті. Бұдан басқа, адвокат оның жас балалары барын ескеруді сұрады. Сот отырысына Әбеуіп тергеу изоляторында дүниеге келген сегіз айлық баласымен келді.

Еске салсақ, Қазыбек би аудандың сотының үкімімен Әбеуіп ірі көлемдегі алаяқтығы үшін мүлкі тәркілене отырып, жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 4,5 жылға сотталған.

Қарағандыда 2015 жылғы жазда кезекті туристік дау-дамай туындады. Түркияға демалысқа "Фараон" фирмасынан жолдама сатып алған клиенттер демалысқа бара алмай қалған. 100-ден астам адам жәбірленуші ретінде танылды. Келген шығын көлемі – шамамен 400 мың АҚШ доллары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу