Қарағандылық зейнеткер ЭКСПО-да ұшатын автомобилін таныстырмақшы

883

Қарағандылық зейнеткер ЭКСПО-да ұшатын автомобилін таныстырмақшы

Қарағандылық зейнеткер Қазбек Сыздықов өмір бойы типографияда жұмыс істеген. Бірақ ол әрқашан да машина жасауға әуес болған. Көп жыл бойы кітап оқып, сызбаларды қарап, осы өнердің қыр-сырын өз бетінше меңгерген. "Ұшатын амфибия"  –  ұшақтай тігінен жоғары ұшып, көкте қалықтайтын және қазіргі заманғы көліктер секілді жүретінн, суда жүзетін автомобиль оның еңбегінің жемісі болып табылады, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz.
"Жобаны жасауға көп жыл жұмсадым, оған патент алдым. Өзіндік құны тікұшақтың қазіргі бағасынан төмен. Егер мені ЭКСПО-ға жіберсе, онда ғылыми-техникалық революция болады", – дейді Қазбек Нөгербекұлы.
Жоба авторының пайымдауынша, "амфибияның" көлемі қарапайым жеңіл көлікпен бірдей, қарапаййым басқарылады. Үйреншікті "баранканың" орнында велосипед рулі, беріліс қорабы да барынша ықшамдалады. "Амфибияның" бір ғана қалақтан құрастырылған пропеллері бар. 
Өнертабыс иесі облыс басшысының қабылдауында болып, өз жобасын таныстырған. Нұрмұхамбет Әбдібеков "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының төрағасы Ахметжан Есімовпен сөйлесіп көруге уәде берді. Сонымен қатар, облыс басшысы "ұшатын амфибияның" 3D макетін жасау үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің мамандарына жүгінуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу