Қарағандылық жасөспірім ең үздік актер атанды

690

Қарағандылық 16 жастағы Әлихан Әбілдиннің кинодағы дебюті үлкен жетістікке айналды.  

Қарағандылық жасөспірім ең үздік актер атанды Фото: gov.kz

Жасөспірім "Еуразия" халықаралық кинофестивалінде Үздік ер адам рөлі үшін жүлдеге ие болды, деп жазады Inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Ұлттық байқау жүлделерінің бірі Әлихан Әбілдинге бұйырды. Жігіт Яна Скопинаның "Жаз жақында аяқталады" фильміндегі басты кейіпкерді сомдады.  

Қарағандылық жасөспірім кастингтен оңай өтіп, түсірілім алаңындағы ең жас актер болып шықты. Ол кезде Әлихан 15 жаста еді. 

“ Фильм 80-ші жылдар туралы баяндайды. Ол кезде жастар да, өмірлік құндылықтар да басқаша болды. Мен өз кейіпкеріме мүлдем ұқсамаймын. Мен тұйық адам едім, достарым жоқтын. Түсірілімнен кейін керемет адамдармен дос болдым, олармен әлі де араласамыз. Сонымен қатар, кейде мен күнделікті өмірде Баха сияқты әрекет ететінімді байқаймын, анағұрлым ашықпын”, – дейді жас актер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу