Қарағандылықтар бірінші сыныпқа қабылдауға 1000-нан аса электрондық өтінімдер берді

799

Олардың барлығы әлі қарастырылу сатысында.

Қарағандылықтар бірінші сыныпқа қабылдауға 1000-нан аса электрондық өтінімдер берді

Жаңа электрондық жүйе жұмысының алғашқы күнінде Қарағандыда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 1015 өтініш берілді, деп хабарлайды Қарағанды әкімінің баспасөз қызметі. Олардың барлығы әлі қарастырылу сатысында.
Ал бұрынғы тәсілмен, мектеп кеңселері арқылы бірінші сыныпқа 156 бала қабылданды.

school.kargoo.gov.kz сайтында өтінімдерді қабылдау 1 маусымда басталды. Мұнда бірінші сыныпқа балаларды қабылдайтын 79 қалалық мектептердің тізімі келтірілген. 
Бірінші сыныпқа қабылдаудың жаңа жүйесі осы жылдың 15 мамырында таныстырылды. Порталда баланы мектепке орналастыру, бір мектептен екіншісіне ауыстыруға және оқушыларды жазғы лагерьге қабылдауға өтініш беруге болады. Мәліметтер базасында барлық мектептердің толық тізімі бар. Жаңа жүйе бір сыныпқа 25 баладан артық қабылданбайтындай етіліп құрылған. Осылайша сыныптардың шамадан тыс толып кетуінің алдын алады. 
Өтінішті дұрыс ресімдеу үшін баланың электрондық фотосуреті, оның туу туралы куәлігінің скан нұсқасы және баланың денсаулық паспортының сканерленген 1, 17 және 18-ші үш беті қажет. Өтініш беруші құжаттардың қарауға қабылданғаны туралы СМС-хабарлама алады. 
Бірінші кезекте таңдалғанг мектепке тіркелген мекенжайы сәйкес келетін балалар қабылданады. Биылғы жылы тіркелген мекенжайға сай келмейтін мектептерге балаларды қабылдауға 6 899 квота бөлінген. Ол жеңілдіктер кімге берілетіні тамызда шешілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу