Қарағандылықтар енді автобустарда электронды кітап оқи алады

486

Қарағандының 60 автобусында электронды кітап оқу мүмкіндігі пайда болды. 

Қарағандылықтар енді автобустарда электронды кітап оқи алады Фото: inform.kz

Бүгінгі таңда электронды кітапханалар 22 қоғамдық көлікте жабдықталған. Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары интернетке қосулы болса жеткілікті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Автобустардағы электронды кітапхана қалалық әкімдіктің қолдауымен "Жол үстіндегі кітапхана" жобасы аясында жабдықталған. Әзірге QR кодтары бойынша кітап оқу опциясы алты бағыттағы 22 автобуста қол жетімді – 65, 5, 1, 70, 43, 118. Қазақ, орыс және шетел әдебиеттерінің туындыларымен танысу үшін жолаушыларға автобус салонының орталық бөлігіндегі стикерлерде орналастырылған QR-кодты сканерлеу жеткілікті.

"Жылжымалы кітапхана көркем әдебиетті оқуды насихаттау үшін жабдықталған. Қазақ, орыс және шетелдік классика секілді үш бөлімнен тұратын кітапты таңдау үшін жолаушы сілтеме бойынша өту керек. Шығармалардың ішінен М. Әуезовтің "Көксерек", А. Құнанбайұлының "Ескендір", А.С. Пушкиннің ертегілері, Артур Конан Дойльдің "Жоғалған әлем" және басқа да кітаптарды таңдауға болады. Жобаға бағыттары ұзақ және жолаушылар ағыны мол маршруттар тартылды", – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жақын арада электронды кітапханалар 13 маршруттағы 60 қалалық автобуста болады. Нөмірі 65, 5, 1, 70, 43, 118-ден басқа, қосымша 40, 53, 33, 146, 56, 41, 19 автобустарда бар. Кітапхананың цифрлық мұрағатында барлығы 41 туынды бар. Оның ішінде 21 – қазақ классикасы, 14 – шетелдік және 6 – орыс классикасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу