Қарағандылықтар Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр

1090

Қарағанды облысында бір уақытта екі мерейтойлық оқиға: Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы және ұлы қазақ ақыны және жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы атап өтілмек.

Қарағандылықтар  Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр

Мереке 14 қыркүйекте өтеді. Салтанатты шараларды Сәкен Сейфуллинге арналған ескерткіштің етегінде театрландырылған көрініс ашады. Мереке Атасу кентінен үш шақырым қашықтықта, Қарауыл төбе деген жерде жалғасады, деп хабарланды әкімдіктің сайтында.

Жаңаарқалықтар мереке ерекше есте сақталып қалуы үшін Гиннестің рекордтар кітабына ену туралы шешім қабылдаған. Ауданда халық шеберлері 10 мың литр қымыз дайындамақ. Ерлер мен әйелдер ұлттық киімсдерде "Жаңаарка вальсін" орындайды, бір мезгілде 1000 бөшкеде 10 мың литр қымыз араластырады. Аспаздық жетістікті тіркеу үшін Ұлыбританиядан сарапшылар келеді.

Сондай-ақ, "Бауырсақ" және "Палау" фестивалі барысында тегін дәмнен ауыз тиюге болады.
Осы күні Сәкен Сейфуллиннің "Жыр Сұңқары" атты мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу