Қарағандылықтар МӘМС аясында 120 мыңнан астам КТ және МРТ зерттеулерінен тегін өтті

412

Өткен жылы пациенттер 123,5 мың рет тегін қымбат зерттеулерден өтті. 

Қарағандылықтар МӘМС аясында 120 мыңнан астам КТ және МРТ зерттеулерінен тегін өтті Фото: google

Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін КТ және МРТ-ға тегін жолдамалар шектеулі мөлшерде және азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттары үшін ғана берілетін.

Салыстыра кетсек, өткен жылдың бірінші тоқсанында Қарағандының № 1 көпсалалы ауруханасында бұл зерттеулерден 974 пациент өтті. 2020 жылдың осы кезеңінде олардың саны 200-ге де жетпейтін. Барлығы 2022 жылы көпсалалы ауруханада 2 мыңға жуық сақтандырылған пациент КТ және МРТ өтті. Дәрігерлер зерттеулер санының өсуін медициналық қызметтердің қолжетімділігінің артуымен байланыстырады, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

– Бұл жерде кез келген зерттеулер пациенттің қалауы немесе талабы бойынша емес, айғақтар бойынша жүргізілетінін еске салғым келеді. КТ/МРТ жүргізу қажеттілігі бар ма, оны дәрігер бекітілген стандарттар мен диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес анықтайды, – дейді Қарағанды № 1 көпсалалы емхана директорының орынбасары Радмила Ғабдракипова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу