Қарағандылықтар тегін тілдік курстарға жазыла алады

518

Оқу аяқталғаннан кейін сертификаттар беріледі. 

Қарағандылықтар тегін тілдік курстарға жазыла алады Фото: google

Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша ұйымдастырылған үш айлық курстар осы жылдың ақпан-қараша айлары аралығында өтеді.

Қазіргі уақытта 19 жастан асқан тыңдаушыларды қабылдау жүріп жатыр. Жыл бойы үш ағымды мемлекеттік тілге және Шекспир тіліне оқыту жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Шағын және орта бизнес өкілдері, халыққа қоғамдық қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері үшін тегін бір айлық қазақ тілі курстары ұйымдастырылады.

– Биылғы жылы 560 қарағандылықты мемлекеттік тілге және 360 – ағылшын тіліне оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ, 160 адам қысқа мерзімді курстарда қазақ тілін меңгере алады. Курстар "Сарыарқа-2" оқу-әдістемелік кешенінің негізінде өткізіледі. Бұл "Қазтест" стандарты (А1, А2, В1, В2, С1) негізінде деңгейлер бойынша мемлекеттік тілді оқытудың арнайы құрылған 120 сағаттық бағдарламасы, – дейді Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Сәуле Нелдібаева.

Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7212) 56-01-88, 51-38-00.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу