Қарағандыда 53 жасар тұрғын туристік агенттік қызметіне шағымданып, алаяқтыққа тап болғанын айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әйел көптен күткен демалысын ұйымдастыру үшін турагентке 900 мың теңге берген, алайда уәде етілген сапар жүзеге аспаған.
Тергеу барысында бұл агенттікке қатысты осындай тағы бірнеше шағым тіркелгені анықталды. Қазіргі уақытта полицияға осы агенттіктің қызметіне шағымданған тағы 34 азаматтың өтініші түскен.
Күдікті өз әрекетін валюта бағамының күрт өсуімен және соның салдарынан туындаған қаржылық қиындықтармен түсіндірген.
Тергеу мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық залал шамамен 52 миллион теңгені құрайды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеудің объективті әрі жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында күдікті уақытша қамауға алынды.