Қарағандының бас шыршасы жағылды

1169

Салтанатты шара барысында "Қарағандылық креативті шырша" байқауының нәтижесі қорытындыланды.

Қарағандының бас шыршасы жағылды

Қарағандыда Тәуелсіздік алаңында басты шыршаның шамдарын жағу салтанаты өтті. Дәстүрлі мерекелік шеруге 240 Аяз аталар мен Ақшақарлар қатысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

Қаланың басты шыршасының шамдарын жағу құрметі жас пианиношы София Каменецкаяға бұйырды. Ол №3 гимназияда оқиды. Биылғы жылы Каннда өткен халықаралық байқауда жеңіске жетіп, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген "Детские таланты без границ" байқауында 1-орынды иеленді. 

Салтанатты шара барысында "Қарағандылық креативті шырша" байқауының нәтижесі қорытындыланды.

Үздік жұмыстарды суретшілерден құралған комиссия іріктеді. Торғайлардың ұяшығынан жасалған шырша сарапшыларға да, көрермендерге де ұнады. Оны қалалық Мәдениет және демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының қызметкерлері жасаған. Бұл ерекше шырша кәсіпорындардың туындылары арасында бірінші орынды иеленді. Екінші орын сыйлық пакеттерінен жасалған шыршаны орнатқан "Тазалық эксперт" ЖШС-ға берілді. Ал үшінші орын "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға бұйырды. 

Ерекше шыршалар құрғаны үшін мектептерді де марапаттады. Бірінші орын – №93 гимназияға, екінші – №16 ЖББОМ, үшінші - №66 ЖББОМ-ға бұйырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу