Қарағандының бұрынғы әкімінің ұлы туған анасын ұрған

1969

Қарағандының бұрынғы әкімі Шаймерден Оразалиновтың ұлы 78 жастағы қарт анасын ұрып-соққаны үшін екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандының бұрынғы әкімінің ұлы туған анасын ұрған Фото: inbusiness.kz

Белгілі болғандай, отбасылық жанжалға көршілері куә болған.

Олар бірден жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалған.

Ер адам 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырған.

"Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты 10 ақпанда күдіктіні екі ай қамауда ұстау санкция берді", – деп хабарлады Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу