Қарағандының ірі өндіріс орындары "Жер сағаты" акциясына қатысады

1097

27 наурызда Жер шарындағы ең ауқымды экологиялық акция өтеді. Экология департаменті барлық қарағандылықтарды осы іс-шараға қатысуға шақырады, деп жазады inbusiness.kz әкімнің сайтына сілтеме жасап.

Қарағандының ірі өндіріс орындары "Жер сағаты" акциясына қатысады

"Жер сағатын" алғаш рет 2007 жылы Австралиядағы жабайы табиғат қоры ұйымдастырды. Қарағанды облысы акцияға екі жылдан кейін қосылды. Енді бұл жыл сайынғы халықаралық іс-шараны тұрғындар ғана емес, сонымен қатар ірі өндірістер де қолдайды.

Акцияның мақсаты – жарық көздері мен электр құралдарын бір сағатқа-жергілікті уақыт бойынша 20.30-дан 21.30-ға дейін ажырату. Осылайша, ұйымдастырушылар планетаның ресурстарына жауапты қарым-қатынасқа мүмкіндігінше көп адамды тартуға тырысады.

Биылғы жылы акцияны ЖЭО-1, ЖЭО-3, "Nova Цинк" компаниясы, Жәйрем КБК, "АрселорМиттал Теміртау", "Қарағанды Су", "Шұбаркөл көмір" қолдайды. Сондай-ақ, GGG спорт кешені, Орталық саябақ, ОӘД, "Абзал", "Таир", "Арбат", "Абсолют" секілді ірі сауда орталықтары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу