Қарағандының қақ ортасына "Кинолента" монументі қойылды

998

Оған бюджеттен 187 млн 413 мың  теңге бөлінген. 

Қарағандының қақ ортасына "Кинолента"  монументі қойылды Фото: ekaraganda.kz

Абай көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының қиылысына күзде қойылған  "Кинолента" монументінің авторы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші К.В Рынгач .  Монументте жерден шығып тұрған ленталар сомдалған. Бұл монументті тендерді жеңіп алған Теміртаулық  "Механомонтаж- 2004" ЖШС орнатқан болатын.

Жақында қымбатқа түскен осы монументтің кеншілер қаласында орын тебу мәселесі қоғамдық кеңесте талқыланды.  Қоғамдық кеңес мүшелері  "қазіргідей пандемия  жағдайында мұндай монументке қаражат шығындаудың қаншалықты қажеті болды"  деген сауалды биліктегілерге жолдады.  Алайда шенеуніктер бұл сауалға нақты жауап бере алмады.

"Бұл жоба 2019 жылы жасалып бекітіліп қойған. Монумент жобасы сол кезде сараптамадан өткен . Бюджеттік комиссия мақұлдаған соң, жобаны іске асырылды" , – деп мәлімдеді коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы Әлібек Дүйсембеков.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу