Қарағандының қоғамдық көлігін "Оңай" жүйесіне көшіру мәселесі қаралады

988

Қарағандының қоғамдық көлігін "Оңай" жүйесіне көшіру мәселесі қаралады

Қарағанды қаласында қоғамдық көліктерде электрондық билет енгізу мәселесі алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. Шенеуніктердің пайымдауынша, осылайша автопарктердің жұмысының "айқындылығын" қамтамасыз етуге және жолаушылардың бәрін бақылауға болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Қазіргі кезде электрондық билет беру бойынша пилоттық жоба енгізілген Алматының тәжірибесін бақылап отырмыз. Бірақ, бұл жобаны енгізу туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ", – дейді Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров.
Бұл мәселе бойынша нақты жауап сәуір айында белгілі болады. Үкіметте қарағандылық биліктің заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсынысы қаралады. Облыс орталығында автобустарда қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға сараланған тарифтер енгізілмек, сондай-ақ автопарктерді субсидиялау мәселесі жойылып, көлік саласы сервистік схемадан шығарылмақ. Егер осы өзгерістер қабылданса, онда біздің қалада жобаны енгізу үшін "Оңай" компаниясы жауапты болады. 
Жылы аялдамалар да Қарағандының қоғамдық көлік жолаушылары үшін тағы да бір жаңашылдық болады. Бүгінде қалада бір жылы аялдама бар, "Арман" боулингінің жанында. Бірақ жақын арада осындай тағы да 5 павильон орнатылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу