Қарағандының медицина университеті жаңа қондырғымен толықты

953

Қарағандының медицина университеті жаңа қондырғымен толықты

Енді болашақ ақ халаттылар виртуалды науқасты емдеу арқылы білімін шыңдайды, деп хабарлайды 24.kz.

Тірі адамды алмастыратын ақылды қондырғы өзінің қал жағдайы, көңіл-күйі, қай жерінің ауырып тұрғаны жайлы айтып береді. Ал студенттер тез арада диагнозын анықтап, тиісті ем-домын жасау қажет. Алғашқы медициналық көмек науқастың ағзасына қалай әсер еткендігі жайлы ақпарат кейін онлайн жүйесінде көрсетіледі. Осыған қарай, тәлімгерлердің жұмысы бағаланады. Құны 80 миллион теңге тұратын бұл әмбебап құрылғы арқылы 20-ға жуық медициналық көмек түрлерін көрсетуге болады. Әзірге мұндай қондырғы ТМД елдері арасында ешбір медициналық оқу ордасында жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу