Қарағандының орталық саябағында 1 мың ағаш отырғызылды

1420

 Қарағандының орталық саябағында 1 мың ағаш отырғызылды

Қарағандының орталық мәдениет және демалыс саябағында бүгін 1 мың ағаш отырғызылды. Сенбілікке Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, "Нұр Отан" партиясының мүшелері, ЖОО және колледж студенттері, құтқару қызметінің маманары, қалалық және облыстық мәслихат депатуттары қатысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қатысушылар қатарында сонымен бірге қазақстандық әнші және композитор Қыдырәлі Болманов та болды.

Жаңа көшеттер саябақтың батыс бөлігінде, Ержанов көшесі жағында отырғызылды.

Өткен жылы қалыпқа келтіру жұмыстары салдарынан 60-қа жуық ағашты кесуге тура келген. 
"Ағаштарды кесу жоспарға сай жүргізілді. Бірақ сондай-ақ жоспарда олардың орнын толтырып, ағаштар отырғызып, қосымша көгалдандыру жұмыстары да қарастырылған. Бүгін 600 қарағай және 400 үйеңкі, жөке және қайың көшеттері отырғызылады. Олар аптасына екі рет суарылып отырады, сонымен бірге екі жыл көлемінде ол көшеттерді жерсініп кеткенше баптайтын боламыз. Біз мониторинг өткіздік: саябақтар мен гүл бақтары басқармасының қызметерлері отырғызған ағаштар 92% жағдайда бейімделіп, жерсініп кетеді", - дейді саябақтар және гүл бақтары басқармасының басшысы Рустам Көдебаев.

Барлық көшеттер қарағандылық саяжайда өсірілген жәнеде жергілікті климатқа бейімделген. 
Күзде саябақтың батыс бөлігінде тағы 300 ағаш отырғызылады. Олардың 150-і қылқанжапырақты болса, қалған 150-і – жапырақты ағаштар болады.

Жалпы биылғы жылы қаламызда 7 000-нан астам жас ағаштар отырғызылады.

Қарағандының орталық саябағында жалпы есептегенде 70 га аумақ абаттандырылады деп жоспарлануда. Қайта қалыпқа келтірудің 1-кезеңі үш жылға шақталған, 2017-ден 2019-шы жылға дейін, жәнеде 36 га ауданды қамтиды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу