Қарағандының "Шахтер" стадионында мұз айдыны іске қосылды

1396

Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында 1 желтоқсан күні ашық аспан астындағы мұз айдыны өз жұмысын бастады. Мұнда өз конькиімен де, жалға алып та сырғанауға болады. Келушілер карантиндік талаптарды сақтауы керек, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Қарағандының "Шахтер" стадионында мұз айдыны іске қосылды

Ашық мұз айдыны жұма күндері сағат 17.00-ден 22.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Конькиді 20.00-ге дейін ғана жалға алуға болады. Мереке күндері және мектеп демалыстары кезінде мұз айдыны сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін ашық.

Билет кіру бағасы – 300 теңге. Конькиді жалға алу – 500 теңге. Конькимен келген келушілер тек кіру үшін ақы төлейді. "Шахтер" стадионының аумағында автокөлікті тұраққа қою үшін 100 теңге төлеу қажет.

Конькиді жалға беру далада жүргізіледі. Бұрын стадион аумағында жұмыс істеген буфет жабық. Далада сырғанаушылар үшін кофе-аппараттар орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу