Қарағандының жұқпалы аурулар ауруханасында 11 айлық бала шетінеді

1524

Бір жасқа санаулы күндер жетпей ауруханада көз жұмған 11 айлық Нұрайымның өліміне ата-анасы дәрігерлерді кінәлайды. 

Қарағандының жұқпалы аурулар ауруханасында 11 айлық бала шетінеді

Бір емес, үш мәрте аурухананың көмегіне жүгінген отбасы ақ халаттылар баласының өміріне араша бола алмады деп қынжылады.

Ауруханаға үшінші рет жүгінген жас ана баласына басқа дәрілерді салуды өтінген.

"Мен "басқа дәріге ауыстырыңыздар. Біз бұл Цеф 3 препаратын қабылдағанбыз" деп айттым. Алайда, "сіздерде суық бар" деген дәрігер керісінше дәрінің мөлшерін ұлғайтты. Бірақ температура түспеді. Ренгтен түсіруін де өтіндім. Бұл жолы оны маған жасамады. Халы нашарлағанда ренгтенге түсіріп, жансақтау бөліміне алып кетті. Сол кезде екі жақты пневмания деп диагноз шығарды",– дейді нәрестенің анасы.

Аталған фактіге байланысты облыстық аурулар ауруханасы директоры емдеу жұмыстарын жас маманның жүргізгенін мойындады. Алайда, анасы айтқандай емес, бірінші түскенде ренгтен сараптамасын жасаған деп ақталды.

Гүлмира Бекзатова қазіргі таңда тексерістер жүріп жатқанын және 11 қазаннан кейін сараптама қорытындысы болатынын алға тартты.

Ал, Нұрайым Мақаттың ата- анасы кінәлі адамдарды жазалауға барын салып жатыр. Тіпті, прокуратураға да арыз-шағымдарын жіберген.

Айта кетейік, 2018 жылдың 3 қаңтар айында дәл осы ауруханада үш жасар Айзере Қақарманова да көз жұмған болатын. Жансақтау бөлімінде жан тапсырған бөбекке қатысты іс бүгінде тоқтатылған. Себебі, өлімге қатысты тергеудің себебі анықталмаған көрінеді.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу