Қарақалпақстанда ТЖ режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды

731

Негізі, 2 тамызға дейін жарияланған болатын.

Қарақалпақстанда ТЖ режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев 21 шілдеден бастап Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Өзбекстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 2 шілдедегі Жарлығы бойынша енгізілген Қарақалпақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдай режимі 2022 жылғы 21 шілдеде мерзімінен бұрын тоқтатылсын", – деп жазылған мемлекет басшысының баспасөз қызметінің сайтында жарияланған хабарламада.

Бұл режимнің алынып тасталуын Қарақалпақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі сұраған.

Еске сала кетсек, 1 шілдеде Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласын ереуілдер шарпыған болатын. Жергілікті халықтың бас көтеруіне автономиялық республикасының мәртебесі туралы баптарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар себеп болған еді. Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі бұл акцияларды ел Конституциясына енгізілетін түзетулерді "дұрыс түсінбеген" азаматтар тобы ұйымдастырды деп мәлімдеді.

Шавкат Мирзиеев Нүкіс қаласына барып, Қарақалпақстанның мәртебесі өзгертілмейді деп сендірді.

Ресми дерек бойынша, ереуіл кезінде кем дегенде 21 адам қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Фото: e-cis.info

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу