Қарақалпақстандағы оқиғалар Өзбекстанның ішкі ісі – Кремль

592

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы Қарақалпақстанның егемендігін сақтау туралы шешім қабылдады.

Қарақалпақстандағы оқиғалар Өзбекстанның ішкі ісі – Кремль

Қарақалпақстанда болған оқиғалар Өзбекстанның ішкі ісі болып табылады. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өзбекстан – біздің одақтасымыз, достас ел, біздің өте маңызды серіктесіміз. Өзбекстанда болып жатқанның барлығы – бұл елдің ішкі ісі", – деді Песков.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев аймақты Конституцияда бекітілген сецессия жасау құқығынан айырмақ болып, 1 шілдеде Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нүкіс қаласын ереуілдер шарпыған болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан 18 адам қаза тапты. Бұл туралы Өзбекстан Бас прокуратурасы бөлімінің прокуроры Аброр Маматов мәлімдеді. Сонымен қатар 243 адам түрлі деңгейде жарақат алды.
Қарақалпақстан 1936 жылы Өзбек АССР құрамында болды. КСРО ыдырағаннан кейін Республика Өзбекстанның құрамына енді, бірақ оған егемендік алу құқығы берілді.

4 маусымда Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы Қарақалпақстанның егемендігін сақтау туралы шешім қабылдады. Депутаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдады.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу