Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысқан күдіктілерді соттау басталды

569

Тәртіпсіздіктер салдарынан 21 адам қаза тауып, 243 адам жарақат алды. 

Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысқан күдіктілерді соттау басталды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Өзбекстанда 1-2 шілдеде Қарақалпақстанда болған тәртіпсіздіктерге қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Бұл іс бойынша барлығы 22 адамға айып тағылған

Қылмыстық істі Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ республикасының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Е. Әбибуллаев бастаған Бұхара облыстық сот қарайды.

Сотталушыларға конституциялық құрылысқа қол сұғу, шабуыл жасау, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қауіп төндіретін материалдарды дайындау, сақтау және тарату, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау, қасақана ауыр дене жарақатын салу, мемлекеттік және жеке мүлікке зиян келтіру сияқты құқық бұзушылықтар жасады деген айыптаулар тағылды.

Нүкіс оқиғасын зерттеген парламент комиссиясының сұрауымен Өзбекстан бас прокуратурасы айып тағылған тағы да 107 адамды "гуманизм принципімен" бостандыққа шығарған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу