Қарақат Әбден әйелдердің декреттік демалысын 2 жылға дейін ұзартуды ұсынды

288

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы 1,5 жасқа дейін беріледі. 

Қарақат Әбден әйелдердің декреттік демалысын 2 жылға дейін ұзартуды ұсынды Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден әйелдердің декреттік демалысын екі жылға дейін созуды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Гендерлік теңдік, гендерлік квоталарды орындау және әйелдердің басшылық позицияларға қатысуын арттыру жөніндегі басқа да мақсаттар мәселелері бойынша мониторинг пен есептіліктің ұлттық жүйесін құру керек. Әйелдерді басшылық лауазымдарға тағайындау тек олардың құзыреттілігіне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттік қызмет жүйесі мен квазимемлекеттік сектордың барлық деңгейінде әйелдер көшбасшылығының ұлттық бағдарламаларын іске қосу қажет", – деді Мәжіліс депутаты.

Қарақат Әбден Скандинавия елдерінің тәжірибесін негізге ала отырып, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. 

"Бұл отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді, жұмыс істейтін әйелдер бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөле алады. Бала күтімі бойынша инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда тәулік бойы балабақшалар ашу, жұмыс орындарында балалар бөлмелерін құру қажет. Декреттік демалысты екі жылға дейін ұзарту керек",  – деді депутат.

Бұдан бөлек ол жұмыс орнында әйелдерді қорғауға бағытталған құқықтық шараларды күшейтуді де ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу