Қарақат Әбден мемлекеттік тілді жетік біледі – ОСК

852

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қарақат Әбден мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды.

Қарақат Әбден мемлекеттік тілді жетік біледі – ОСК

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссия мүшесі Дихан Қамзабекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгін ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбден мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Үміткер жазба тапсырмасында "Тіл – халықты алтын бесігі" тақырыбын таңдады. Екінші ауызша оқу тапсырмасында Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романынан үзінді оқыды", деді Лингвистикалық комиссияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы. 

Айта кетсек, ҚР президентін кезектен тыс сайлауда үміткер Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде құжаттарын тапсырған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу